40шақыртуИслам Абдурахман
Бір оқушы.
40 университеттен шақырту.
B1 деңгейінен IELTS-ке, одан әлем университеттерінен шақыртуларға дейін. Ислам оқуын АҚШ-та жалғастыруды таңдады.
ТҮРКІСТАН · КЕНТАУ · ОНЛАЙН
Алғашқы әңгімеден маңызды емтиханға дейін. Өзіңізге немесе балаңызға лайықты курсты таңдап, тегін сабақта мектебімізбен танысыңыз.
SIMBA’S SCHOOL · 2020 ЖЫЛДАН БЕРІ
Simba’s School 2020 жылы Түркістанда ашылды. Бүгінде қаланың негізгі көшелерінде орналасқан үш филиалымызда оқушыларымыз оқуға, жұмысқа және саяхатқа қажет ағылшын тілін меңгеріп жүр.
Мектеп негізін қалаушы Паяева Сымбат Ниязбековна АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасымен оқып, өз әдістемесіне негізделген оқу жүйесін құрды. Еуропа мен Азиядағы конференциялардан алған тәжірибесін мектепті дамытуға қосады. Мұғалімдеріміз мұқият іріктеледі, көбінің шетелде оқу тәжірибесі бар.
Деңгейлік ағылшын курстары — топпен немесе жеке. IELTS-ке дайындық — тек топпен. Деңгейлік топтық курсқа Speaking Club пен мектеп ивенттеріне тегін қатысу мүмкіндігі кіреді.
01 / SIMBA’S SCHOOL · БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕР
Жаңа қала, университеттен шақырту, көп еңбектенген емтихан. Әр нәтиженің артында бір адамның оқиғасы бар.
40шақыртуИслам Абдурахман
B1 деңгейінен IELTS-ке, одан әлем университеттерінен шақыртуларға дейін. Ислам оқуын АҚШ-та жалғастыруды таңдады.
$1 053 000стипендиялық ұсыныстарДамир Аюпов
Дамир әлем университеттерінен жалпы сомасы 1 053 000 доллар болатын стипендиялық ұсыныстар алды. Олардың қатарында University of New Haven, New York Tech және Wilkes University бар.

GLOBAL BUSINESS SYMPOSIUM
Simba’s-та жеке сабақтарда ағылшын тілін дамытқан Сұлтанбек Гарвард университетіндегі Global Business Symposium-ға қатысты. Өз идеясымен бөлісіп, әлемнің әр түкпірінен келген адамдармен танысты.
Сұлтанбек НұрмұхаммедТолығырақ оқу ↗02 / ТҮРКІСТАННАН ӘЛЕМГЕ
Түлектеріміз АҚШ, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерінде оқып, жұмыс істеп жүр. Әр сапар Simba's партасынан басталды.
Жер шарын сүйреп айналдырыңыз немесе бағытты тізімнен таңдаңыз. Нүктелер оқу мен тәжірибе бағыттарын көрсетеді.
Бір баллдың артында — тұрақты дайындық.
03 / МЕКТЕП ӨМІРІ
Қайта көргіңіз келетін адамдар. Бірге ойнайтын ойындар. Бөлісетін оқиғалар. Мектептегі өмір осындай сәттерден тұрады.
Әр сенбіде, әр филиалда. Speaking Club — Simba’s School-дың барлық оқушыларына тегін. Ағылшынша сөйлесіп, жаңа достар тауып, сабақтан тыс та тілді қолданыңыз.
Уақыты мен алдағы ивенттер ↗Жаңа кестені Instagram-да жариялаймыз.Оқушыларымыз Түркістандағы және басқа қалалардағы ірі ивенттерге қатысады. Ағылшын тілін үйренумен қатар тәжірибе жинап, жаңа адамдармен танысып, портфолиосын толықтырады.

TEDx
Жаңа орта, жаңа идеялар және сабақтан тыс тәжірибе. Оқушыларымыз Түркістан облысындағы алғашқы TEDx іс-шарасына қатысты.
Іс-шара туралы ↗У него индивидуальный подход к каждому ученику.Learning English with Balausa teacher feels like magicМоя любимая школа!Занятия интересные, преподаватели вдохновляютThe lessons are interesting and easy to understand.Симба мектеп өте күштіОл сабақтарды нақты және қызықты өткізеді.ең күшті ағылшын мектебіБалауса тичерр мен сабақ өткен бөлекк атмосферааSimba's school is perfectMoldir teacher is very professionalБалауса тичер сабақты күштіі тусындыредыы04 / КУРС ТАҢДАУ
Күнделікті сөйлесу, емтихан немесе жаңа оқу орны. Өзіңізге маңызды мақсаттан бастаңыз.
Филиалда топтық немесе жеке сабақтар
Алғашқы «hello»-дан қызықты әңгімеге дейін. Өз деңгейіңізден бастап, үйренген сөздерді сабақта бірден қолданыңыз.
Филиалда тек топтық сабақтар
Емтихан форматын түсініңіз. Төрт дағдыны жаттықтырыңыз. Кері байланыс арқылы немен жұмыс істеу керегін біліңіз.
УНИВЕРСИТЕТКЕ ТҮСУ
Жоспарыңызға сай ел мен университет таңдаңыз. Оқу орындарын іріктеуге, құжаттарға, өтінімдер мен стипендия іздеуге көмектесеміз.
КЕЛЕСІ БІЛІМ САТЫСЫ
Қызығушылығыңызға сай бағдарламаны табыңыз. Мотивациялық хат, түйіндеме және сұхбатқа дайындықты бірге пысықтаймыз.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Шетелде бір оқу жылы, бір семестр немесе бір жаз. Ағылшын тілі, құжаттар мен сұхбатқа дайындықта бірге боламыз.
ӨЗ ҚАРҚЫНЫҢЫЗБЕН
Нақты мақсатқа — жеке жоспар. Жеке сабақ немесе қарқынды оқу форматын таңдап, ыңғайлы кестені бірге талқылайық.
CEFR / ҚАДАМ САЙЫН ІЛГЕРІ
Деңгейді таңдап, ағылшын тілінде не істей алатыныңызды көріңіз.
Деңгейді анықтау ↗Өзіңізді таныстырып, қарапайым сұрақтар қойып, күнделікті тіркестерді қолдана бастайсыз.
05 / КЕЛЕСІ ҚАДАМ
Үш жауап арқылы оқу бағытын таңдайық. Бұл — деңгейді анықтайтын тест емес. Деңгейіңізді танысу кезінде мұғаліммен бірге анықтайсыз.
06 / АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУ
Кім үшін курс іздеп жүргеніңізді және мақсатыңызды айтыңыз. Әкімшіміз алғашқы кездесуді ұйымдастыруға көмектеседі.
Мектеппен танысып, мұғаліммен бірге ағылшын тілі деңгейіңізді анықтайсыз.
Деңгейіңізге сәйкес топ пен өзіңізге ыңғайлы сабақ кестесін талқылаймыз.
Мұғаліммен танысып, Simba’s-та сабақ қалай өтетінін көресіз.
07 / СІЗГЕ ЖАҚЫН
Түркістанда үш филиал. Кентауда бір филиал. Өзіңізге жақын филиалдың карточкасын ашып, танысыңыз.
Онлайн сабақ туралы WhatsApp-та сөйлесейік.
Төлем ай сайын емес, әр 12 сабақ сайын жасалады.
Бұрынғы баға: 50 000 ₸
Қазіргі баға: 22 000 ₸
12 сабаққа
Бұрынғы баға: 55 000 ₸
Қазіргі баға: 24 000 ₸
12 сабаққа
Бұрынғы баға: 60 000 ₸
Қазіргі баға: 28 000 ₸
12 сабаққа
Бұрынғы баға: 120 000 ₸
Қазіргі баға: 55 000 ₸
12 сабаққа
Деңгейлік топтық курсқа Speaking Club пен мектеп ивенттеріне тегін қатысу кіреді.
5 000 ₸бір сабаққа
12 сабаққа — 60 000 ₸
4 500 ₸бір сабаққа, әр оқушыдан
12 сабаққа — әр оқушыдан 54 000 ₸
АЛДЫН АЛА БІЛГІҢІЗ КЕЛЕТІНІ
Біз оқушыларды 3–4-сыныптан бастап қабылдаймыз. Оқу бағдарламасы жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылады.
Тіркелу үшін балаңыздың аты-жөнін және байланыс нөмірін жазсаңыз жеткілікті. Біз сіздерді тегін деңгей анықтау тесті мен танысу сабағына жазамыз.
Иә, әрине! Танысу сабағы толығымен тегін және 30–40 минутқа созылады. Осы уақыт ішінде мектебімізбен және оқу үдерісімен жақынырақ таныса аласыз!
Әр 12 сабақ сайын мұғалім оқушының үлгерімі, жетістіктері мен даму деңгейі туралы жеке Feedback (кері байланыс) береді.
Әрине! Бір отбасынан екі бауыр оқыса, екінші балаға оқу ақысына 10% жеңілдік беріледі.
Simba’s School — 6 жылдан астам тәжірибесі бар ағылшын тілі мектебі! Сабақ барысында Speaking, Listening, Reading, Writing, Vocabulary және Grammar дағдылары қатар дамытылады. Сабақ барысында балаңыздың немесе сіздің ағылшын тілінде көбірек сөйлеуіңізге фокус қойылады. Сонымен қатар, ең тиімдісі — әр сенбі күні тегін Speaking Club пен түрлі Event-тер өткізіледі. Осы арқылы сіз тек қана ағылшын тілін үйреніп қоймай, нетворкинг жасап, өзіңізге орта табасыз.
Оқу ақысы таңдалған курс пен бағдарламаға байланысты. Сізге қолайлы бағдарламаны анықтап, бағасы туралы толық ақпарат береміз.
Сабақтарды арнайы білімі бар, халықаралық бағдарламаларға қатысқан және шетелде білім алу тәжірибесі бар кәсіби ағылшын тілі мұғалімдері жүргізеді.
Алдымен ағылшын тілі деңгейіңізді анықтап, сізге лайықты топты таңдаймыз. Содан кейін алғашқы тегін сабаққа қатысып, топтағы оқушылармен және мұғаліммен танысасыз.
Өзіңізге ыңғайлы филиалды, күндер мен уақытты айтыңыз. Әкімші қазіргі нұсқаларды ұсынады. Онлайн сабақ туралы бөлек сұраңыз.
Speaking Club мектептің барлық оқушыларына тегін және әр сенбіде, әр филиалда өтеді. Уақыты мен алдағы ивенттер кестесі Instagram-дағы @simbas.school парақшасында жарияланады.
ТАНЫСУДАН БАСТАЙЫҚ
Мақсатыңызды айтыңыз. Сұрақтарыңызға жауап беріп, лайықты топты таңдаймыз және тегін сабаққа жазамыз.
